в

ШҚО-да отбасында жиі жанжал шығаратын 185 адам есепке алынды

Источник фото: официальный ресурс премьер-министра РК

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында 770-тен астам құқық бұзушылық анықталды.

Облыс бойынша отбасында жиі жанжал шығаратын 185 адам есепке алынған. Оларға қатысты жәбірленушілерге жақындауға тыйым салатын қорғау ұйғарымы шығарылған. Алайда 37 адам аталған шектеулерді бұзып, жауапкершілікке тартылды.

— Жалпы 10 күнге созылған рейд барысында тәртіп сақшылары 3 мыңға жуық азаматты тексерді. Нәтижесінде 778 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Сот шешімімен алкогольдік ішімдік ішуге және отбасында жанжал шығаруға тыйым салынған 81 ер адамға қатысты «ерекше талаптар» қойылды. Алайда бұл талаптарды орындамаған 37 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, — делінген ақпаратта.

10 күн ішінде күйеуінен зәбір көрген151 әйел полициядан көмек сұраған. 11 жәбірленуші уақытша тұруға арналған баспанаға орналастырылды.

KPI по снижению доли теневой экономики будет включен в планы развития госорганов

На содержание кладбищ в Усть-Каменогорске выделили 20 миллионов тенге