в

Өскеменде күн сайын көктайғақ салдарынан 30 шақты адам зардап шегуде

Облыс орталығында соңғы күндері көктайғақ қалыптасып, тұрғындарға қолайсыздық тудырған. Өткен апта ішінде көктайғақта тайып құлаған 200-ге жуық адам медицина қызметкерлеріне қаралды.

Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

— Көктайғақтан барлығы 193 адам зардап шекті. Олардың көбісінің қолы, білегі пен тобығы сынған. Сондай-ақ денесі көгеріп қалғандар да жиі кездеседі, — делінген ақпаратта.

Осы аптада да көктайғақта құлап жатқандар аз емес. Орташа есеппен алғанда күн сайын 30 адам зардап шегеді.

Дәрігерлер көктайғақта құлап қалған соң қол-аяғы ауырсынған адамдарға бірден ауруханаға келіп, қаралуға кеңес берді.

ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды

Как правительство намерено обеспечивать рост экономики и повышение уровня жизни казахстанцев