ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы анықталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтықпен жүрген 7 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тәртіп сақшылары қос азаматтығы бар анасы мен қызын анықтаған. Белгілі болғандай, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алған.

— Алайда бұл туралы белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде олардың қос азаматтығы анықталды, — делінген ақпаратта.

Сот қаулысымен екеуі ҚР азаматтық туралы заңнаманы бұзды деп танылды. Анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, қызы елден шығарылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облыс бойынша қос азаматтығы бар 7 адам анықталған.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...