в

Шығыс Қазақстанда бірнеше компания үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 73 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 20 үй бюджет қаражаты есебінен, 53 үй жеке инвесторлардың қаражатына салынып жатыр.

— Құрылыс компаниялары арасында үлескерлерден заңсыз ақша тартқандар бар. Соның салдарынан 200-ден астам азамат зардап шекті. ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы үлескерлердің қаражатын тартуды қатаң реттейді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, құрылыс компаниялары бұл талаптарды орындамайды, — дейді басқарма басшысының орынбасары Самат Қайырдинов.

Оның айтуынша, заң бұзған құрылыс компанияларына әкімшілік іс қозғалды. Олардың қатарында «Ray Residense», «Park Line», «Renesans 3», «Tumar Towers», «Viva Park», «Кристал», «Grand Residense» компаниялары бар. Ал «Royal Finance Group» ЖШС және «Elit Stroy Group» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

С 1 января 2025 года казахстанцы, получающие доходы по договорам ГПХ, подлежат обязательному соцстрахованию

В Усть-Каменогорске почти 200 человек получили травмы из-за гололеда