Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында орналасқан Орта-Теректі су қоймасында су тасқынына қарсы шаралар белсенді жүргізілуде. Су қоймасы ауылдың шаруашылық қажеттіліктеріне, оның ішінде ауыл халқының бау-бақшасын суару үшін пайдаланылады.
2024 жылы аталған нысанның техникалық жағдайына сараптама жүргізілді. Тексеруден кейін жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, профилактикалық іс-шаралар шеңберінде тор төсеу арқылы су ағызғыш бетондалып, Орта-Теректі өзенінің түбі тереңдетілді.
Бүгінде бөгеттер мен су бұру жүйелерін қоса алғанда, барлық негізгі құрылымдар қалыпты жұмыс істеп тұр. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.
2025 жылы Орта-Теректі су қоймасының бөгетін қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда.