в

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы 26 қаңтар күні қаладағы Серікбаев көшесінде болды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде Honda CR-V жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

— Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алды. Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мажилисмены встревожены проблемами Риддера и Алтая

В Восточном Казахстане наградили лучшего следователя и дознавателя