Жөндеу жұмыстарына дайындық былтыр басталған. Алайда құжаттарды әзірлеу барысында туындаған мәселелердің салдарынан тоқтап қалды.
2024 жылдың күзінде «Өскемен-1» теміржол вокзалының іші-сыртын жөндеу жоспарланған еді. 2025 жылы басталып кетуі тиіс жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттама дайындау барысына келгенде тоқтап қалған.
— Жобаны әзірлеу барысында техникалық зерттеу жүргізу қажет болды. Бұл шамамен 600-800 мың теңгені құрайды — деді Шығыс Қазақстан облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Мердігер ұйым күрделі жөндеу жұмысын мемлекет техникалық зерттеу жүргізіп, құжаттарын дайындаған соң бастамақ.
-Теміржол вокзалының дәмхана орналасқан бөлігі, жеке тұлғаға қарайды. Ал жердің иесі қомақты ақшаға сатуды көздеп отыр. Шешімі табылмаған мәселелер бар. Бірақ біз оңтайлы шешім табамыз деп ойлаймын, — дейді Нұржан Сайлаубекұлы.
Айта кетейік, вокзалға күрделі жөндеу жұмыстарын ҚР Көлік министрлігі қаржыландырады.