в

«Біз Қазақстанға қайта оралғанымызға қуаныштымыз!», — шетелдік спортшылар Astana Indoor meet қарсаңында баспасөз жиынына қатысты

Бүгін «Qazaqstan» спорт кешенінде Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov prizes-қа арналған баспасөз конференциясы өтті.
Шараға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Президенті Ольга Рыпакова, Федерацияның бас хатшысы Жасарал Имандосов, World Athletics өкілі Энди Кей және басқа да қазақстандық, шетелдік спортшылар қатысты.
Жаңа маусымның ашылуы саналатын дүбірлі дода ертең басталады. Осы жерде Әлем чемпионатына жолдама алып, рейтингілік ұпайлар жинауға мүмкіндік мол.

— World Indoor Tour Gold кезеңін қабылдау мүмкіндігіне ие болғанымызға қатты қуанып тұрмыз. Былтыр бәрі жоғары деңгейде өтті. Бұнда бәсекелестік жоғары. Себебі, сайыстарда ұпай алуға болады. Біз жабық кешенде барынша көп жарыс өткізуге тырысамыз. Мұндағы кешен де, төрешілер біліктілігі де ешкімге күмән қалдырмас, — деді Ольга Рыпакова.

Биіктікке секіруде әлем бойынша үздіктердің бірі саналатын Надежда Дубовицкая өз жеріңде өтіп жатқан жарыстың әсері бөлек екенін алға тартты. Себебі, қолдау ерекше.

Құраманың тағы бір мүшесі Ольга Сафронованың да ойы осымен үндес. Оның сөзінше, қазақстандық атлеттер үшін қысқы маусым тез аяқталады. Себебі, екеуі де жазғы кезеңге әзірлік жүргізеді. Мәселен, Дубовицкая үшін “Гауһар лига” сайысы — маңызды додалардың бірі. Ол басталмай тұрып ескі жарақаттарды емдеп, жақсылап тынығып алу керек.

Журналистер тарапынан шетелдік спортшылар туралы сауалдар түсті. Соның бірнешеуі 2024-ші жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруде күміс медаль еншілеген ямайкалық жеңіл атлет Кейшан Томпсонға бағытталды. Astana Indoor Meet сайысы ол үшін жабық кешендегі тұңғыш бәсеке.

— Өзіме ешқандай да меже қойған жоқпын. Бірақ жоғары нәтиже көрсету үшін барымды саламын. Жүлде үшін аянып қалмаймын, — деді ол.

 

Андре де Грасс болса керісінше, Қазақстанға тағы да келгеніне қуанышты. 60 метрді кедергілермен жүгіруде өз нәтижесін жақсартуды мақсат еткен. Одан бөлек, жеңіл атлет бапкерімен бірлесе, жазғы кезеңге жоғары дайындықпен қатысуды жоспарлап жүр. Токиода жалауын көтеретін Әлем чемпионатына да барғысы келеді.

— Былтыр маусым басында көрсеткен нәтижем өз көңілімнен шыққан болатын. Биыл тағы келдім, барымды салуым керек, — деді Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ниа Али.

Спортшылардың ойынша, Қазақстандағы жарыстың атмосферасы ерекше. Ең бастысы, жанкүйерлермен ашық диалог орнатуға болады. Олар мұны баспасөз конференциясында анық байқатты.

— Асқан қонақжайлық иісі аңқиды, адамдар қатысушыларды әркез қолдайды. Бұл маған ұнайды, — деді Андре де Грасс.
World Athletics өкілі Энди Кей айтқандай, «Qazaqstan» спорт кешені — небір ірі бәсекелерді қабылдауға мүмкіндік беретін ғаламат нысан. Әлемдік аламандарды да қабылдауға дайын көрінеді.

Баспасөз конференциясы аяқталар тұста спортшылар журналистерге ауқымды сайыс алдында не нәрсе жігерлендіретінін айтып берді. Олардың ойларынша, спортқа деген құмарлық қана емес, отбасы, бауыр еті баласы және жеңіл атлетикаға деген махабат та алға жетелейді.

Астана может принимать у себя Чемпионат мира по легкой атлетике в закрытых помещениях

Cпортсмены разминаются перед первым большим стартом в Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov prizes