Шығыс Қазақстан: маңызды жолдар мен ұтымды шешімдер

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ұзын көпір қолданысқа берілгеннен кейін Шығыс Қазақстан өз инвестициялық әлеуетін едәуір арттырды.

Жеті ауданды тоғыстырған көпір өңір тұрғындарына бизнесті дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жаңа туристік және логистикалық мүмкіндіктер ашты.

Туризм — аймақтағы басты салалардың бірі және оның дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Бұл саланың болашағы зор. Себебі Шығыс Қазақстан – көгілдір көлі, аспанмен астасқан таулары, ит тұмсығы өтпейтін ну орманы мен ғажап пейзажы бар бірегей аймақ.

Әсіресе Марқакөл көлі маңында туризмді дамытутың әлеуеті жоғары. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның інжу-маржанын жыл сайын миллиондаған қонақ келетін Қытайдағы Канас көлімен байланыстыратын халықаралық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Ортақ туристік маршрут бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады – жоғары деңгейдегі қонақ үйлер мен қонақжайлар салу, қызмет көрсету сапасын жақсарту және салаға инвестициялар тарту көзделіп отыр. Осыны жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, келесі жылы Катонқарағай және Зайсан аудандарында екі әуежайдың құрылысы басталады. Бұл әуежайлар ішкі және сыртқы туризмге оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

Новые статьи

Казахстанцы могут оформить дополнительную социальную выплату после утраты трудоспособности

Жители Казахстана, которым установили степень утраты общей трудоспособности от 30% до 100%, могут получать не только государственное пособие по инвалидности, но и дополнительную социальную...

В Астане открылась международная аграрная выставка KazAgroFarm-2026

Более 350 компаний из 25 стран представили сельскохозяйственную технику, цифровые решения и технологии для растениеводства и животноводства на 17-й международной выставке KazAgroFarm-2026 в Астане....

Минздрав Казахстана обновил правила оказания помощи при профессиональных заболеваниях

С 31 октября 2026 года в Казахстане начнет действовать обновленный стандарт оказания медицинской помощи при профессиональной патологии. Документ определяет требования к медицинским организациям, специалистам...

В Казахстане разыграют 30 млн тенге за лучшие патриотические песни

В Казахстане объявили республиканский конкурс патриотических песен к 35-летию Независимости страны. Поэты и композиторы смогут побороться за призовой фонд в 30 млн тенге. Заявки...