back to top

ШҚО тұрғындары енді ХҚО қызметкерлерін 1414 нөмірі арқылы үйге шақыра алады

Егер азаматтар денсаулығына байланысты халыққа қызмет көрсету орталығындағы белгілі бір қызметті ала алмаса, оның өзі немесе жақыны ХҚО қызметкерін үйге шақырта алады.

Бұл қызметті ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуы салдарынан өмір сүру қабілеті шектелген азаматтар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері пайдалана алады.

— Бұл мемлекеттік қызметтерді барлық азаматтарға теңдей қолжетімді етуге мүмкіндік береді, — дейді мемлекеттік корпорация өкілдері.

ХҚО қызметкерін үйге шақырту үшін қызмет алушы немесе оның қамқоршысы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, өтініш қалдыруы керек. Бұдан кейін

ХҚО қызметкерлері өтініш берушімен байланысып, қажетті құжаттардың бар-жоғын нақтылайды. Содан соң мемлекеттік қызметті көрсету үшін үйге қай күні, қай уақытта баратыны белгіленеді. Өтініш қабылданған сәттен бастап ХҚО операторлары клиентпен жеті жұмыс күні ішінде кері байланысқа шығуы керек.

Айта кетейік, ең жиі сұралатын мемлекеттік қызметтер қатарына паспорт пен жеке куәлік беру, ЭЦҚ рәсімдеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жатады.

Новые статьи

Два предприятия Восточного Казахстана стали лауреатами президентской премии «Алтын Сапа»

В Восточно-Казахстанской области подвели итоги участия регионального бизнеса в двух ключевых национальных конкурсах — президентской премии «Алтын Сапа» и республиканском конкурсе «Лучший товар Казахстана»....

Врачи в Усть-Каменогорске рассказали о состоянии пострадавших в ДТП с фурой

Сегодня утром на улице Бажова фура сбила женщину на пешеходном переходе. В социальных сетях распространилось видео, на котором видно, как большегруз, пытаясь объехать легковой автомобиль,...

В Усть-Каменогорске из-за непогоды столкнулись несколько автомобилей и автобус

Массовая авария произошла сегодня в районе Аблакетки на улице Геологической. Спуск из-за метели превратился в настоящий каток — автомобили и автобус не смогли справиться...

В Риддере неизвестные осквернили Вечный огонь

В Риддере неизвестные пожарили курицу на Вечном огне. Об этом сообщила жительница города, которая утром обнаружила шокирующую «находку» на мемориале. Женщина поделилась фотографиями и своим...