ШҚО әкімі су тасқыны қаупі артуына байланысты жедел кеңес өткізді

Зайсан ауданында ауа температурасының күрт жылытуына байланысты қар ерте еріп жатыр. Су тасқынының алдын алу үшін қазір жолдарды, жол жиектеріндегі құбырларды тазалау, қарды күреу сынды жұмыстар қолға алынған.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев, құзырлы басқармалар өкілдері, ШҚО төтенше жағдайлар және полиция департаменттері, Тарбағатай ауданы әкімі мен Зайсан ауданы әкімінің орынбасарының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Мамандардың айтуынша, мұндай жылы ауа райы өңірде соңғы 50 жылда тіркелмеген.

— Әрбір елдімекен үшін су тасқыны қаупі картасын, оның ішінде әрбір ауылды және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмін жаңарту қажет. Аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай болған жағдайда бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі тиіс. Бәріне дайын болуларыңыз керек. Басқа аудандардың да тәжірибесін қолданыңыздар, — деді әкім.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жұмылдырылған.

— Зайсан үшін бұл қалыпты жағдай. Жер қатқан кезде, әсіресе Дайыр мен Қарабұлақ ауылдарының маңында жер асты суы жиі шығады. Су жиналған кезде құбырға, одан әрі Кеңдірлі көліне құяды. Бұл – жыл сайын қайталанатын табиғи құбылыс, алаңдаудың қажеті жоқ, — дейді гидротехник Мирзан Иманжанов.

Құтқару қызметі мен синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері өңірде күн суытады деп күтілуде. Сондықтан бұл аумақта су басу қаупі байқалмайды.

Новые статьи

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...