Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолға шығып кеткен төрт түліктің салдарынан 14 рет жол апаты болып, оның екеуі адам өлімімен аяқталды. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Жанасемей ауданының полиция қызметкерлері қоғам белсенділерімен, инспекция және ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп, малды қараусыз жіберетіндерді анықтау үшін рейд өткізді.
— Соның барысында 40 бас жылқы айып тұрағына қойылып, шаруа қожалығының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа да бірқатар бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жылқылардың чиптелмеуі және таңбаланбауы, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы.Барлық факті құжатталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, — делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге мал жаю ережелерін қатаң сақтауға шақырды.