Шығыс Қазақстанда халықты жұмыспен қамту үшін түрлі жобалар қолға алынбақ

Бүгін ШҚО әкімдігінде өткен жиналыста экономикалық өсу мүмкіндіктері талқыға салынды. Өңірдің әр ауданында, әр саласында экономикалық дамуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл – консерві өнімдерін өндіру, жергілікті өнімдерді көтерме және бөлшек саудаға шығару, ауыл шаруашылығында кооперацияны дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу арқылы шағын кәсіпкерлікті дамыту сынды бағыттар.

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев жиынға қатысушыларға нақты жобаларды дамытуға қажетті жағдайлар жасауды тапсырды. Бұл жобалар бюджет кірісін арттырумен қатар, тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етуге тиіс. Әкім барлық жаңа бастамалардың жобалық кеңсе қағидаты бойынша іске асырылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл тәсілде салалық басқармалар мен жергілікті билік органдары, бизнес пен қоғам өкілдері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Айта кету керек, 2023 жылдың жазынан бастап облыстағы әр аудан мен саланың өндіріс пен тұтыну теңгерімі егжей-тегжейлі есептеліп келеді. Жобалық кеңсе қағидаты өңірлік және мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі құралына айналды. Әрбір қала, аудан және басқарма осы жүйе аясында тығыз ынтымақтастық орнатып, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отыр.

Новые статьи

За 10 дней на границе Казахстана пресекли 551 факт незаконного перемещения товаров

Пограничная служба КНБ продолжает работу по выявлению и пресечению противоправной деятельности в пунктах пропуска через государственную границу. С 1 по 10 августа предотвращен 551 факт...

День Каспийского моря объединил волонтеров и экологов из стран региона

Сегодня отмечается День Каспийского моря. В этот день 20 лет назад вступила в силу Рамочная конвенция по защите морской среды Каспийского моря, известная как...

Более 2,3 млн казахстанцев прошли онкоскрининг за полгода

За первые шесть месяцев 2026 года онкологический скрининг в Казахстане прошли 2 362 568 человек. Такие обследования позволяют выявлять опасные изменения на ранних стадиях,...

Новый доклад ООН: в мире растет уровень безработицы среди молодежи

Согласно новому докладу Международной организации труда (МОТ), уровень безработицы среди молодежи в мире растет: слабый экономический рост и низкие темпы создания рабочих мест затрудняют...