в

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу жұмыстары республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымында жүргізілді.

— Тауда жарылыс жасалып, барлығы 5090 текше метр қар түсірілді. Жол қардан жедел тазартылды. Облыста барлығы қар көшкіні жүру қаупі жоғары 325 учаске бар. Оларға мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Қар өлшегіштердің көмегімен бақылаушылар жарылыс жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтайды, — дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.

Өңірдің таулы жерлерінде көшкін жүру қаупі әлі де бар. Сондықтан тұрғындарға тауға барудан бас тарту қажеттігі ескертілді.

В школах Восточного Казахстана решают проблемы буллинга

В Усть-Каменогорске изменятся льготы на проезд в общественном транспорте