Өскеменде экологиялық жағдай туралы мәліметтер базасы құрылмақ

Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен экология мәселелері бойынша кеңес өтті. Соның барысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ресми түрде өз жұмысын бастады. Жоба жетекшісі Елена Березинская-Абилова жұмыс жоспарын таныстырды.

— Бюроға тәжірибелі экологтардың мүше болғаны жақсы болды. Біз азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнатуымыз керек, бұл көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі, — деді Ермек Көшербаев.

Бүгінгі күннің басты міндеттердің бірі – Өскемен қаласының экологиялық жағдайына кешенді зерттеу жүргізу. Сондай-ақ кәсіпорындар шығарындылары, қоғамдық көліктер, жеке сектор, ҚМЖ маусымы, ауа сапасын өлшейтін бекеттер туралы ақпарттарды жинақтап, ортақ дерекқор құру.

— Мұндай база жағдайды барынша дәл және дұрыс бағалауға, алдағы әрекеттердің нақты алгоритмін жасауға мүмкіндік береді, — деді аймақ басшысы.

Жоба жетекшісі і Елена Березинская-Абилованың айтуынша, бұған дейін жай қоғамдық ұйым болмай, нақты жұмыстарды қолға алатын ұжымға айналу үшін не істеу керектігі ойластырылған болатын.

— Десе де қалалық мәслихат бізге қолайлы нұсқаларды ұсынған жоқ. Заң бойынша мәслихаттарда тұрақты комиссиялар, басқа да органдар құрылуы мүмкін, бірақ біз депутат болмағандықтан қалай істейтінімізді білмедік. Оның үстіне дәл осындай ұйым құрғандар да бұрын болмаған. Мәселені ШҚО әкімдігіне айтқан соң облыстық мәслихат бізге қолдау көрсетті, — дейді ол.

 

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...