Риддерде өртенген үйден адамды құтқарып қалған 22 жастағы жігіттің анасына теледидар берілді

Оқиға 3 қаңтар күні болған еді. Бесінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаз бен жеке заттар отқа оранған. Сол жерге өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келіп жеткенге дейін көршілері 49 жастағы ер адамды құтқарып қалған.

Солардың бірі — Әсет Сәкенов. 22 жастағы жігіт бүгінде Ресейдің Воронеж қаласында профессор Н. Е. Жуковский мен Ю. А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясында оқып жатыр. Риддер қаласының тумасы. Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

— Балконнан үй өртеніп жатқанын көрдік. Жанымда таныс қыз болды. Үш үй жапсарлас орналасса да, мекенжайлары әртүрлі. Дереу өрт сөндірушілерге хабарласып, өз мекен-жайымды айттым. Себебі түтін шалған пәтердің қай көшеде орналасқанын дәл айта алмадым. Сөйтсем, өрт Абай көшесі, 64 мекенжайында болып жатыр екен. Жылдам басып, жаңағы подъезге жеттік. Бесінші қабатқа көтеріліп, есігін ашып қалғанда көк түтін бетімді бүркіп өткендей болды. Күрткемді шешіп, таныс қызға бердім де, өзім кіріп көрейін дедім. Бір бардым, екі бардым болмады. Сосын көршілер де шыға қалды. Үйлерінде бетімді жуып, олар берген қолшаммен тізерлеп үйге тағы бір кірдім. Сонда арғы бөлмеден сүлесоқ күйде ересек адам шығып келе жатты. Басқа бөлмеге бара жатыр екен. Аяғын тартып қалып, соңынан демеп, сыртқа қарай шығардым. Сол кезде маған Манарбек Қағазбекұлы есімді куәгерлердің бірі көмектесті, — деді Әсет.

Айта кетейік, көп ұзамай келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

9 қаңтар күні Риддер қалалық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Евгений Тарасов өрт кезінде адамды құтқарып қалған екі азаматқа Алғыс хат табыстады. Ал қала әкімдігі Әсеттің анасы Жанар Букеноваға теледидар табыс етті.

Новые статьи

В ВКО объем строительных работ вырос на 15,2% за девять месяцев

Объем строительных работ в Восточно-Казахстанской области за январь-сентябрь 2026 года увеличился на 15,2% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. По темпам роста регион...

В Астане водителя автобуса осудили за ДТП с гибелью женщины

В Астане водитель автобуса получил два года и месяц лишения свободы за смертельное ДТП. Во время движения он разговаривал по мобильному телефону и сбил...

В ВКО убийство предпринимательницы раскрыли с помощью камер видеонаблюдения

Камеры видеонаблюдения помогли полиции установить подозреваемых в убийстве предпринимательницы в поселке Белоусовка. Их задержали в Усть-Каменогорске при попытке скрыться. Об этом сообщил заместитель начальника...

Расходы казахстанских семей на одежду выросли, но ее доля в бюджете снизилась

В первом полугодии 2026 года казахстанские домохозяйства в среднем потратили на одежду, ткани и обувь 136,9 тыс. тенге. Это на 7,3% больше, чем за...