Шығыс Қазақстанда «Туған жер — алтын бесігім» жобасы жалғасуда. Соның аясында облыс орталығында сәндік-қолданбалы өнердің шеберлері мен суретшілердің ауқымды жәрмеңкелері мен көрмелері өтіп жатыр. Сондай-ақ жоба шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарынан келген шығармашылық ұжымдардың концерт де ұйымдастырылуда.
Осы аптада Өскеменде Алтай ауданының мәдени күндері өтеді. Нақты айтқанда, 6-7 желтоқсан күндері қала тұрғындары мен қонақтарына көрме, концерт, жәрмеңке мен спорттық шаралар ұсынылады.
«Туған жер — алтын бесігім» жобасы өңірдің шығармашылық әлеуетін паш етіп, Шығыс Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігін көрсетеді.