в

Семейге басқа өңірден келіп, пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Семей қаласына Шығыс Қазақстаннан келген, «гастрольдік квартет» деген атпен танылған қылмыстық топ мүшелері құрықталды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары пәтер тонаумен айналысып келген 4 адамды қылмыс барысында ұстады. «Гастрольдік квартет» деген атпен танылған олар Семейге ШҚО-дан 19 желтоқсанда келген.

— Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 млн теңгенің мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар. Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі адам пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашса, қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған. Барлық күдікті ұсталып, изоляторға қамалды, — делінген ақпаратта.

Оларға қатысты «ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

В Восточном Казахстане назначен новый аким Курчумского района – Мейржан Альбеков.

В казахстанских школах начались зимние каникулы