в

Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мейіржан Әлбеков Күршім ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2011 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық университетін, 2015 жылы Т.Қ.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын, 2021 жылы Алматы экономика және статистика академиясын аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы бастады. Әр уақытта «Дарын» МКҚК директоры, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, сонымен қатар Ұлан ауданы Таврия ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап Күршім ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Аймақ басшысы жаңа әкімнің алдында Күршім ауданының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туристік әлеуетін дамыту бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Результаты пилотного проекта по ваучерному финансированию дошкольного образования

В Восточном Казахстане назначен новый аким Курчумского района – Мейржан Альбеков.