Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі қыс кезінде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау қызметтерін көрсетуге бір ғана мердігермен шарт жасасқан. Бұл әрекет мемлекеттік сатып алу заңнамасын өрескел бұзып, басқа әлеуетті мердігерлердің қатысуына жол бермеген.
— Анықталған заңбұзушылық бойынша аудан прокуратурасы тиісті ұсыным енгізіп, нәтижесінде заңсыз шарт бұзылды. Осылайша, заңсыз жасалған мемлекеттік келісімшарт күшін жойды, — деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ал бөлім басшысы ҚР ӘҚБтК 207-бабы 11-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сондай-ақ осыған ұқсас заңбұзушылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен алты ауылдық округтің әкімдері де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 1,3 млн теңге көлемінде айыппұлдар салынды.