Шығыс Қазақстанның Абай атындағы колледжінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында студенттермен кездесу өтті

2024 жылдың 26 желтоқсанында Шығыс Қазақстан Абай атындағы гуманитарлық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Іс-шара экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл кездесу аймақтың экологиялық мәселелерін шешуге мүдделі белсенді жастар мен тәжірибесі мол сарапшыларды бір ортаға жинады.

Кездесуге «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының» жетекшісі Елена Березинская-Абилова мен облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ермек Асқаров қатысты.

Спикерлер экологияның өзекті мәселелерін, соның ішінде қоршаған ортаның ластану мәселелерін және «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын талқылады. Олар сәтті жүзеге асырылған экологиялық бастамалардың нақты мысалдарын келтіріп, жастарды табиғатты қорғау бағдарламаларына тарту бойынша ұсыныстар берді.

Кездесу барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды азайту және жастардың экологиялық акцияларға қатысуы сияқты маңызды мәселелер қарастырылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша идеяларын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша көптеген студенттер экологиялық жобаларға волонтер ретінде қатысуға және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын екенін білдірді. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, экология саласындағы елеулі өзгерістерге тек бірлескен күш-жігермен қол жеткізуге болатынын айтты.

Бұл шара Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жауапты қоғам құру жолындағы кезекті маңызды қадамға айналды.

 

Новые статьи

В Усть-Таловке отметили День шахтера и обогатителя

В Усть-Таловке накануне прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню шахтера и обогатителя. Праздник объединил представителей горнодобывающей отрасли, ветеранов труда, молодежь, жителей и гостей Шемонаихинского района. В...

Сегодня в Казахстане отмечают День шахтера

В Восточном Казахстане горняцкий труд давно стал частью истории, характера и промышленной мощи нашего края. Спускаться под землю и работать в сложнейших условиях, добывая богатства...

В Усть-Каменогорске прошел вечер классической музыки «Звездные часы оперетты»

В Усть-Каменогорске прошел музыкальный вечер «Звездные часы оперетты», приуроченный ко Дню города. Концерт объединил классическую музыку, популярные произведения и интерактивы со зрителями. Вход для...

В Усть-Каменогорске впервые провели фестиваль воздушных змеев

В Усть-Каменогорске на площадке Чечек впервые проходит фестиваль воздушных змеев, организованный в рамках празднования Дня города. Небо над площадкой украсили десятки ярких змеев, а...