Бүгін таңертең Серікбаев көшесінде адам мәйіті жатқан. Мұны байқаған куәгерлер бірден полицияға қоңырау шалды. Белгілі болғандай, марқұм 45 жас шамасындағы ер адам. Оның денесінен көзге көрінетіндей жарақаттар байқалған жоқ.
— Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілуге жатпайды.