в

Өскеменде бүгін де қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды

23 желтоқсаннан бері Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып тұр. «Қазгидромед» РМК мәліметіне сүйенсек, бүгін де қалада жел соқпайды.

— 25 желтоқсан сағат 20.00-ге дейін қалада II дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, — делінген ақпаратта.

Сондықтан экологтар мен дәрігерлер алдағы уақытта халыққа ҚМЖ кездеріндегі сақтық шараларын қаперде ұстау қажеттігін ескертті. Ол үшін келесі кеңестерді қаперде ұстауыңыз қажет:

  • Далада ұзақ жүрмеу;
  • Пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу;
  • Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішу;
  • Ас содасының ерітіндісімен тамақты жиі шаю;
  • Тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылша, қызылшаның шырыны, алма, жеміс киселі, итмұрыннан, рауағаштан жасалған дәруменді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу;
  • Балалардың тамақтану рационында сүт және сүт өнімдерін, ірімшік, ет тұтынуды көбейту;
  • Уытты заттарды шығару және ағзаны тазарту үшін таган-сорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қолдану;
  • Балаларды балабақшаларда серуенге шығармауға, мектептерде далада дене шынықтыру сабақтарын өткізбеуге кеңес беріледі.

С помощью нейросетей Казахстан может прогнозировать, предупреждать и реагировать на риски, — премьер-министр

Эко-турбазу и горнолыжный комплекс построят в районе Алтай