в

Риддердегі жарылыстан зардап шеккен 6 адам травматология бөлімінде емделіп жатыр

Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккен болатын. Олардың қазіргі жағдайы қалай екенін ШҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Барлық 6 адам да травматология бөліміне жатқызылған. Олардың үшеуі Өскеменге жеткізілсе, қалғаны Риддерде дәрігерлердің бақылауында.

— Риддер ауруханасында жатқан науқастар 23 желтоқсанда жансақтау бөлімінен жалпы палатаға, яғни травматология бөліміне ауыстырылды. Өскеменге жеткізілген зардап шеккендер де травматология бөліміне жатқызылды. Оларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Жағдайлары орташа ауыр.

Бірақ бұрынғыға қарағанда жақсарып келеді, — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Мошенники представляются сотрудниками «Казпочты», чтобы оформить кредиты на имя жертв

В селе Үлкен Нарын открылся первый кадетский класс юных полицейских