в

Уақыт белдеуін қайтаруды сұраған адамның талап арызын сот қанағаттандырусыз қалдырды

Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты А.есімді азаматтың Қазақстан Республикасы Үкіметіне қатысты талап арызын қарады. Онда ол бұрынғы уақыт белдеуін қайтару қажеттігін жеткізген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

— 2000 жылғы 26 қаңтардағы №131 қаулымен Үкімет жанынан Уақыт және анықтамалық жиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның атынан консультативтік-кеңесші орган құрылды. Комиссия міндеттерінің бірі — ел Үкіметіне республика аумағында уақытты есептеу тәртібін белгілеу және өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу. Талап арызға негіз болған қаулыларды қабылдау Үкімет Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабында берілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулы қабылданғаннан бері 24 жылдан астам уақыт өтті. Талапкер жалпы талап қою мерзімін үш жылға өткізіп алған, — деп жазылған сот үкімінде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Суд Астаны отказал в удовлетворении иска о признании решения о переводе Казахстана на единый часовой пояс незаконным

Творог в Казахстане подорожал на 4,3 процента за год