в

Өскеменде автобус жүргізушілері көктайғаққа қатысты шағымданды

Облыс орталығындағы қоғамдық көлік жүргізушілері аялдамалардағы көктайғаққа қатысты шағымданды. Ол тек автобустарға ғана емес, жолаушыларға да қолайсыздық туғызған.

Жол тайғақтығынан автобустар тоқтай алмай, азаматтар қоғамдық көліктен шыққанда тайып құлап жатыр.

Десе де коммуналдық қызмет өкілдері аялдамаға құм мен көктайғаққа қарсы материалдар тұрақты түрде төгілетінін жеткізді.

— Аялдамаларға тиісті материалдарды төгу үнемі жүргізілуде. Бірақ құм тез тапталып кетеді. Сондықтан бұл жұмыстар күні бойына уақыт интервалымен жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады «Таза Өскемен» КМК-дан.

Шығыс Қазақстанда қайтадан күн жылынады

МЧС РК предупреждает о лавинной опасности