Биыл Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет «Аяз ата, Ақшақар-2024» республикалық фестивалі өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам адам қатысады. 19-21 желтоқсан аралығында болатын фестиваль қонақтары мен қатысушыларын қызыққа толы бағдарлама күтіп тұр.
Шара облыстың ең танымал тау-шаңғы курортында ұйымдастырылмақ. Үш күндік бағдарлама 19 желтоқсанда Риддер қаласында бастау алып, 20 желтоқсанда Алтай Альпісінде жалғасады және 21 желтоқсанда Өскеменде аяқталады. Мұнда ерекше сәт – Аяз Ата резиденциясының ашылуы мен қала орталығында басты жаңажылдық шыршаның жағылуы өтеді.
«Аяз Ата, Ақшақар-2024» республикалық фестивалі тек ауқымды жаңажылдық шара ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінің ынтымақтастығы мен мәдени бірлігінің белгісі болмақ.