Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жоба жүзеге асырылмақ

Шығыс Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келе жатыр. Бүгінде ол шағын және орта бизнесті дамытудың бастауы саналып, одан әрі өсуінің драйверіне айналды.

Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ШҰАА-дағы Қанас және Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлдерін бір туристік бағытпен байланыстыру көзделуде. Қазіргі таңда ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қанас көліне жыл сайын келетін ішкі туристер саны 10 миллионнан асады.

Оның жер бедері мен табиғаты Марқакөл көлімен ұқсас келеді. Бірақ Шығыс Қазақстандағы көл одан бірнеше есе үлкен. Сондықтан оның туристік әлеуеті де жоғары. Өкінішке қарай, Марқакөлде әлі қажетті инфрақұрылым жоқ. Дегенмен табысты жұмыс істеп тұрған туристік жобамен байланыс орнату келушілер санын арттыруға үлес қосатын болады.

— Жобаның бірегейлігінің арқасында мыңдаған туристі тартуға мүмкіндік туады. Қазір Теректі ауылы маңында жаңа шекара өткелін ашып, көлге тікелей жол салу мәселелері талқылануда, — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде аймақта туризмді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келе жатқанын айта кеткен жөн. Инфрақұрылымды дамытудан бөлек, қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер үшін туристерді қарсы алу және ас мәзірін дайындау бойынша курстар ұйымдастырылады.

«Шығыс салбұрыны», «Altay Fest» сынды брендтік іс-шаралар Шығыс Қазақстанның туризм индустриясының жарқын бейнесіне айналуда.

Катонқарағай мен Зайсанда әуежайлардың салынуы да Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында туризмнің дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі таңда құрылыс орындары белгілі болды. Әуежайды салу жұмыстары келесі жылы басталады.

Новые статьи

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...

К 2028 году цифровая прослеживаемость охватит 80% энергоресурсов Казахстана

В Казахстане планируют расширить цифровой контроль за движением нефти и нефтепродуктов. Согласно стратегии Digital Qazaqstan, к 2028 году сквозная цифровая прослеживаемость должна охватить 80%...

ООН предупреждает: ИИ может заменить человека при принятии решений на поле боя

Искусственный интеллект уже сейчас широко используется на поле боя, а роль человеческого фактора в военных операциях стремительно сокращается. Об этом предупредил руководитель Института ООН...

Генсек ООН: протесты граждан по всему миру связаны с экономическими последствиями войн

Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш в четверг осудил акты насилия, совершаемые в ходе протестов, которые охватили Европу и другие регионы. При этом он призвал не допустить, чтобы насилие...