в

ШҚО құтқарушылары мұздың қалыңдығын түсінен қалай анықтауға болатынын түсіндірді

Қазір өңірде «Мұз-2024» акциясы жүргізіліп жатыр. Соның аясында құтқарушылар еріктілермен және полицейлермен бірлесіп 1300-ден астам рет рейдке шықты. Халыққа мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілуде.

— Мұздың қалыңдығын түсінен анықтауға болады. Мұздың түсі сұр болса ол тез сынып кетеді. Көгілдір болса берік деген сөз. Қамыс және басқа да өсімдіктер өсетін жерлерде мұз үнемі жұқа болады. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шыққан кезде өзіңізбен бірге ысқырық, құтқару жилетін, диаметрі кемінде 11 мм арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ алуыңыз қажет, — дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Осы қауіпсіздік шараларын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда балық аулау кезінде 4 балықшы суға батып кеткен. Барлық оқиға қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан болды.

В 14 регионах Казахстана, в том числе и в ВКО, подорожал майонез

В Восточном Казахстане сформирован пул из 40 инвестпроектов на сумму 913 миллиардов тенге, — аким ВКО