Шығыс Қазақстанда биыл музыкалық театр ашылып, жемісті жұмыс істеп келедi

Оның алғашқы қойылым – Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасы болды. Премьераға тек шығысқазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де қонақтар келді. Көрерменді таңғалдырып, ыстық ықыласын алған осы қойылымнан соң Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай «Айсулу» операсыны сахналанды. Бұл Өскемендегі қазақ музыкалық театры тарихындағы алғашқы опера. Аталмыш туынды алғаш рет 1964 жылы Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театры сахнасында қойылған болатын. Арада 60 жыл өткен соң, Өскемен сахнасында қайта көрерменге жол тартты. Костюмдер, декорациялар ең алдымен әрине, актерлердің керемет ойыны нағыз фурор жасады.

Өскеменде музыкалық театрдың ашылғаны туралы хабар шекара асып, елден тыс жерлерге де жайылды. Қызығушылықтың зор болғаны сонша гастрольдер де басталды. Актерлер Астана балет театрындағы «Классикалық музыка кешіне» аттанды. Астана көрермендері «Шығыс әртістері ұмытылмас әсер сыйлады» деп өз ризашылықтарын білдірді.

Содан соң актерлер өскемендіктер мен қала қонақтарын «Mamma mia» мюзиклін ұсынды. Премьера жаз айында, туристік маусым кезінде көрсетіліп, халықтың жоғары бағасын алды.

Театр алдағы жылы да халықты жаңа премьерамен қуанта бермек. Сондықтан қапы қалмай, театр жаңалықтарынан хабардар болып отырғайсыз.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске проходит четвертый городской фестиваль Oskemen Life

Несмотря на пасмурную и прохладную погоду, городской фестиваль Oskemen Life 4.0 собрал немало жителей Усть-Каменогорска. Горожане начали приходить на праздник еще в полдень. Для...

С теплом и щедростью Шемонаихинской земли!

Аромат свежей выпечки, горячий чай с мёдом и домашним вареньем, улыбки и душевные разговоры… Таким тёплым и по-домашнему уютным выдалось субботнее утро в Усть-Каменогорске. Сегодня...

В Усть-Каменогорске выступили творческие коллективы Шемонаихинского района

В Усть-Каменогорске состоялся концерт артистов Шемонаихинского района в рамках областного культурного проекта «Туған жер – алтын бесігім!». Зрителям представили музыкальные и танцевальные номера, а...

В Зайсане до конца года планируют завершить строительство международного аэропорта

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области завершают строительство нового аэропорта. После ввода объекта в эксплуатацию здесь планируют открыть авиарейсы в Усть-Каменогорск, Алматы и Астану, а...