Өңірде алдағы демалыс күндері күн райы жылы болып, қар жауады деп күтілуде.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болмақ. Кей жерлерде сілбі қар жауса, кей аймақтарда бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында сенбі-жексенбі күндері қар жауады. Күн райы жылы болмақ. Десе де қардан кейін күн суытады. 9 желтоқсаннан бастап ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 20 градус аяз болады деп күтілуде.
— Желтоқсанның 8-і күні елдің шығысында қар мол жауады. Ауа температурасы күндіз 0-2 градус суық болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-дан.
Өскеменде 7 және 8 желтоқсанда сілбі қар жауады. Ауа температурасы күндіз -1-2 градус, түнде -4-6 градусты көрсетеді.