Өскемен тұрғынын алдап соққан алаяқ 23 млн теңге пайда көрген

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, танысын әңгіме тартқан алаяқ «чипсы сататын бизнес ашайық» деп ұсыныс жасап, мол табысқа жететіндігін айтып көндірген. Бұған сенген азамат оған 23 млн теңге берген.

Алайда ақша қолға тиісімен 31 жастағы ер адам мүлде байланысқа шықпай, жоғалып кеткен. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласты.

— Көп ұзамай күдікті ұсталып, жауап алу кезінде өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары азаматтарды барынша сақ болуға және бір жерге қаражат салмас бұрын анық-қанығын мұқият тексеріп алуға шақырды. Әсіресе, күдік ұялататын тым тиімді шарттар ұсынған адаммен келісім жасауда абай болу қажет.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске выступили творческие коллективы Шемонаихинского района

В Усть-Каменогорске состоялся концерт артистов Шемонаихинского района в рамках областного культурного проекта «Туған жер – алтын бесігім!». Зрителям представили музыкальные и танцевальные номера, а...

В Зайсане до конца года планируют завершить строительство международного аэропорта

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области завершают строительство нового аэропорта. После ввода объекта в эксплуатацию здесь планируют открыть авиарейсы в Усть-Каменогорск, Алматы и Астану, а...

В ВКО около 100 молодых людей обсудили экологическую ответственность

В Восточно-Казахстанской области прошла встреча «Таза Қазақстан – жастар таңдауы», посвященная экологической культуре и участию молодежи в природоохранных инициативах. В формате Meet Up она...

ШҚО әкімі Зайсандағы Әуезов мектебіне барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке барды. Олар білім...