«Семей орманындағы» өртеніп кеткен қарағай текше метріне 11 мың теңгеден сатылып жатыр

Өткен жылы 8 маусымда Семей орман резерватынан шыққан өрт Қазақстан тарихындағы ең алапат орман өрті болды.

14 орманшы қаза болып, 60 мың гектардан астам жер жанып кетті. Соның салдарынан келтірілген материалдық шығын 161 555 125 335 теңгені құраған.

Енді көптің көкейінде «Өртеніп кеткен ағаштарды не істейді?» деген сұрақ туындайды. Қазір сол үшін мемлекеттік тапсырыстар сайтында «Семей орманы» қорығында өртенген ағаштар сатылымға қойылған. Ол ағаштар құны 24 млн-нан 216 млн теңгеге дейінгі сомадағы 170-ке жуық лотқа бөлініп шығарылған. 720 млн теңгенің 6 лоты сатылып кетті. Бағасына қатысты айтар болсақ, қарағайдың текше метрі – 11 мың теңге. Бұл – ең қымбаты. Қайыңның текше метрі 1 900 теңгеден, ал көктеректікі 1 600 теңгеге бағаланған.

Айта кетейік, Семей орманында» 2021-2027 жылдары орман алқабын кеңейтудің кешенді жоспары жасалған. Барлығы 133 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сол арқылы өртенген ағаштардың орнына жаңасы отырғызылады.

Сол жоспар бойынша:

  • 2021 жылы — 3 600 гектарға 17 млн көшет;
  • 2022 жылы — 4 500 гектарға 21 млн 100 мың көшет;
  • 2023 жылы — 2 440,1 гектарға 11 млн 248 мың көшет;
  • 2024 жылы — 5 139,0 гектарға 24 млн 462 мың көшет;
  • 2025 жылы — 4 900 гектарға 22 млн 988 мың көшет;
  • 2026 жылы — 4 000 гектарға 17 млн 276 мың көшет;
  • 2027 жылы — 4 150 гектарға 19 млн 418 мың көшет егіледі.

Новые статьи

В Казахстане за два месяца выявили 201 коррупционное правонарушение

В июле и августе 2026 года служба по противодействию коррупции КНБ зарегистрировала 201 коррупционное правонарушение. Большая часть уголовных дел связана со взяточничеством, хищениями, мошенничеством, злоупотреблением...

В Усть-Каменогорске стартовал финальный тур чемпионата Казахстана по футболу среди юношей

В Усть-Каменогорске начался финальный тур чемпионата Казахстана среди юношей 2013 года рождения. За медали турнира борются восемь сильнейших команд страны, в том числе воспитанники...

ШҚО-да биыл 50-ге жуық адамның велосипеді ұрланған

Жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлығының 48 дерегі тіркелді. Оның ішіндегі 42 қылмыс ашылып, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды. - Азаматтар велосипедтерін аулаларда, кіреберістерде, дүкендердің жанында...

ИИ-камера зафиксировала смертельное ДТП на трассе Астана Караганда Алматы

На 51-м километре республиканской трассы Астана - Караганда - Алматы произошло смертельное ДТП. Момент аварии зафиксировала камера с элементами искусственного интеллекта. По предварительным данным, автомобиль...