back to top

ШҚО тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде не істеу қажеттігі түсіндірілді

Облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, күн суытқанда қолайсыз метеорологиялық жағдайдың болуы сирек құбылыс емес. Бұл кезде автокөліктер мен кәсіпорындар шығаратын ластаушы заттардың ауаға таралуы жиілейді.

«Бүгінде кез келген өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары ластанған ауадан толық көлемде қорғана алмайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасқан кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатында ластаушы заттар жинақталады, бұл ауа сапасына және адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді», — дейді департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин.

Осындай кезде алдын алу шараларын қолдану — ластаушы заттардың адам ағзасына әсерін азайтады. Ол үшін келесі кеңестерді қаперде ұстауыңыз қажет:

  • Далада ұзақ жүрмеу;
  • Пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жабу;
  • Қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішу;
  • Ас содасының ерітіндісімен тамақты жиі шаю;
  • Тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылша, қызылшаның шырыны, алма, жеміс киселі, итмұрыннан, рауағаштан жасалған дәруменді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу;
  • Балалардың тамақтану рационында сүт және сүт өнімдерін, ірімшік, ет тұтынуды көбейту;
  • Уытты заттарды шығару және ағзаны тазарту үшін таган-сорбент, индигель, тагангель, белсендірілген көмірді қолдану;
  • Балаларды балабақшаларда серуенге шығармауға, мектептерде далада дене шынықтыру сабақтарын өткізбеуге кеңес беріледі.

Новые статьи

Два предприятия Восточного Казахстана стали лауреатами президентской премии «Алтын Сапа»

В Восточно-Казахстанской области подвели итоги участия регионального бизнеса в двух ключевых национальных конкурсах — президентской премии «Алтын Сапа» и республиканском конкурсе «Лучший товар Казахстана»....

Врачи в Усть-Каменогорске рассказали о состоянии пострадавших в ДТП с фурой

Сегодня утром на улице Бажова фура сбила женщину на пешеходном переходе. В социальных сетях распространилось видео, на котором видно, как большегруз, пытаясь объехать легковой автомобиль,...

В Усть-Каменогорске из-за непогоды столкнулись несколько автомобилей и автобус

Массовая авария произошла сегодня в районе Аблакетки на улице Геологической. Спуск из-за метели превратился в настоящий каток — автомобили и автобус не смогли справиться...

В Риддере неизвестные осквернили Вечный огонь

В Риддере неизвестные пожарили курицу на Вечном огне. Об этом сообщила жительница города, которая утром обнаружила шокирующую «находку» на мемориале. Женщина поделилась фотографиями и своим...