back to top

ШҚО Зайсан ауданында жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды

ШҚО Зайсан қаласынан 28 шақырым қашықтықта орналасқан Сәтпай елді мекенінде жаңа әуежай салу үшін жоспарлау құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұғайни Қабидолдина Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

— Жаңа әуежайдың құрылысы өңірде туризмнің дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Жоба аясында әуежай ғана емес, заманауи инфрақұрылым, жаңа жолдар, логистикалық қоймалар мен басқа да маңызды нысандардың салынуы жоспарланған,- деді Нұрғайни Қабидолдина.

Сонымен қатар ауданда республикалық маңыздағы бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылуда, олардың ішінде ең маңыздысы — «Омск-Майқапшағай» автожолын қайта жаңғырту жобасы. Бұл жоба «Қазавтожол» АҚ тарапынан жүзеге асырылып, есепті кезеңде 17, 4 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға қатысқан тағы бір мердігер — «Синьсин» компаниясы 15,7 млрд. теңге қаражат жұмсады.

Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі көлік-логистикалық жүйенің дамуына үлес қосады деп күтілуде. Сонымен қатар, жаңа әуежай аймаққа туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жергілікті бизнеске қолдау көрсетеді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске столкнулись несколько автомобилей

Серьезное ДТП произошло сегодня в районе перевала Чечек на 2 километре дороги Усть-Каменогорск-Самар. Водитель автомобиля марки «Toyota Carib не учел метеорологические условия, скользкое дорожное покрытие...

Праздничные выходные в ВКО будут теплыми и снежными

Предстоящие выходные в регионе ожидается неустойчивый характер погоды. Под влиянием циклона и атмосферных фронтов в большинстве регионов пройдут осадки в виде дождя и снега. На востоке...

Аким ВКО встретился с женской общественностью региона

В Доме дружбы Усть-Каменогорска состоялась встреча акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова с представительницами женской общественности региона. Мероприятие, приуроченное к Международному женскому дню, объединило активных...

В Казахстане усилили требования к обороту гражданского оружия

за оборотом отдельных видов оружия» и направлены на усиление контроля и повышение общественной безопасности. Одним из ключевых нововведений стало обязательство владельцев гражданского и служебного нарезного...