Риддер халқы 2025 жылдың соңына дейін толықтай ауызсумен қамтамасыз етілмек

Риддер тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың соңына дейін қала халқының 100% таза ауызсумен қамтамасыз етілетінін мәлім етті.

Қазіргі уақытта Риддер дегі барлық 9 елді мекен су жүйесімен қамтамасыз етілген. Алайда Нұрымбет Сақтағанов қаладағы барлық үйлерге орталықтандырылған су жүйесі әлі толық жеткізілмегенін атап өтті. Десе де бұл мәселе шешімін табуға таяу.

Биыл Ботаника шағын ауданының 3-тұрғын үй аймағында су тарту жүйесін салу жобасын аяқтауға 19,5 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 5 967 метр кәріз желісі салынды. Аз тұрғынды Ливино және Ульбастрой ауылдарында жергілікті тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін блоктік-модульді су тазарту станциялары орнатылған.

Алдағы бірнеше жыл ішінде әрбір үйді сапалы ауызсуға қосу үшін тарату желілері кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Новые статьи

Казахстанские саперы уничтожили более 350 взрывоопасных предметов на Голанских высотах

Инженерно-саперная группа третьего казахстанского национального контингента в составе миссии ООН на Голанских высотах с мая 2026 года провела более 15 мероприятий по поиску и...

АСП в Казахстане с начала года получили более 218 тысяч человек

С начала 2026 года адресную социальную помощь назначили 218,2 тыс. человек из 40,4 тыс. семей. По состоянию на 1 сентября общая сумма выплат составила...

Астана впервые примет турнир WTT Star Contender с призовым фондом $300 тысяч

С 15 по 20 сентября в Астане пройдет WTT Star Contender Astana 2026 - President’s Cup. Турнир такого уровня в Казахстане проведут впервые. Соревнования...

Казахстан представил космические проекты на международном саммите в Париже

В Гран-Пале в Париже стартовал Международный космический саммит, который собрал около 120 зарубежных делегаций. В нем участвуют главы государств и правительств, руководители космических агентств,...