в

Өскеменде арнайы құрылған комиссия экологиялық рейдке шықты

Облыс орталығында ауа сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына ШҚО Экология департаментінің мамандары, қоғам белсенділері, метеорологтар, сарапшылар мен облыстық мәслихат депутаттары кірді. Комиссия мүшелері бүгіннен бастап экологиялық рейдке шықты.

«Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысы және олардың ауаны ластауға әсері бақылауға алынған. Комиссия экологиялық рейдті «Май» АҚ-ның санитарлық-қорғау аймағында бастап, мұнда аспаптық өлшеулер жасады», — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Нәтижесінде хлордың шекті рұқсат етілген концентрациясының екі есе асып тұрғандығы анықталды. Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметі бойынша, автоматты өлшеу станциясында көмірқышқыл газы концентрациясының рұқсат етілген шектен асу фактісі тіркелді. Өзге көрсеткіштер қалыпты нормадан асқан жоқ.

ШҚО-да 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық қызу

Касым-Жомарт Токаев принял участие в заседании Совета коллективной безопасности ОДКБ в расширенном составе