back to top

ШҚО-да 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық қызу

Алдағы жылы Харбинде өтетін IX Қысқы Азия ойындарына ШҚО-ның 23 спортшысы ұлттық құрамада дайындалып жатыр. Бүгінде олар халықаралық және республикалық спорттық шараларға қатысуда. Бұл туралы ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімінің жетекшісі Аида Жуханова ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті.

— Бұл ойындар 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі екенін ескеру керек. 2023 жылы ШҚО-да спортпен айналысатын халықтың үлесі 42%-ға, яғни 305 989 адамға өсті. Осы саладағы жұмыстарды жақсарту үшін облыста Дене шынықтыруды дамыту орталығы ашылды. Оның негізгі міндеті – барлық жастағы топтар, соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, еңбек ұжымдары және тіпті зейнеткерлер үшін жарыстар ұйымдастыру, — деді ол.

Аида Жуханованың айтуынша, 2023 жылы өңір спортшылары 4359 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 1567 алтын, 1404 күміс, 1388 қола медаль бар. Облыс құрамынан 735 спортшыдан құралған ұлттық құрама команда халықаралық және республикалық жарыстарға белсенді қатысуда.

Облыста 1687 спорт нысаны бар, оның 1116-сы ауылдарда орналасқан. Қазіргі уақытта 5,5 миллиард теңге көлеміндегі 10 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шаңғы роллер трассасы, тау шаңғысы базасы және спорттық модуль бар.

Новые статьи

По факту пожара в многоэтажке Усть-Каменогорска начато досудебное расследование

В Усть-Каменогорске полицейские приступили к расследованию пожара, произошедшего в жилом доме № 49Б по проспекту Ауэзова. Напомним, возгорание случилось накануне. Из-за сильного захламления квартиры пожарным...

XI International Track and Field Tournament for the Prizes of the Olympic Champion will come in Ust-Kamenogorsk

On February 14th, the Olga Rypakova Ust-Kamenogorsk Athletics Center will host the XI International Track and Field Tournament for the Prizes of the Olympic...

Өскеменде жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтедi

14 ақпанда Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Олимпиада чемпионының жүлделеріне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир өтеді. Жарыстың басталуы — сағат...

Международный турнир по лёгкой атлетике на призы Олимпийской чемпионки Ольгт Рыпаковой пройдет в Усть-Каменогорске

14 февраля в Легкоатлетическом центре Усть-Каменогорска им Ольги Рыпаковой пройдет XI Международный турнир по лёгкой атлетике на призы Олимпийской чемпионки. Начало состязаний в 16:30,...