в

Өскемендіктер ауа сапасының күрт нашарлап кеткеніне қайта шағымданып жатыр

25 қараша күні таңертеңнен бері Өскемен қаласының тұрғындары ауа сапасының нашарлап кеткеніне шағымданып жатыр. Көшеге шыққан халық қатты жөтеліп, тамақтары ауырып, жүректері айнығанын айтуда. Шағым түскен соң ШҚО Экология департаментінің мамандары тексеруге аттанды.

— Қазір екі жерде ауа сапасына қатысты өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Самарское шоссе» ауданындағы санитарлық-қорғау аймағында және Гагарин бульвары көшесінде. Ауа құрамындағы күкіртті сутегі, азот диоксиді және басқа да заттардың концентрациясы анықталады. Өлшеу нәтижелері шыққан соң бірден хабарланады, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 20 қараша күні Өскемендегі Назарбаев даңғылында орналасқан Достық үйі мен Гагарин бульвары көшесінің маңындағы тұрғын үйлердің халқы ауа сапасының нашарлап кеткеніне шағымданған болатын.

В ВКО около села Лесная пристань резко повысился уровень реки Буктырма из-за зажора льда

Серия ДТП на мосту в Семее: водители привлечены к ответственности