в

Үржар ауданындағы мектеп қазандығы жарылып, от жағушы ауруханаға түсті

Оқиға 22 қарашада Үржар ауылында болған. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің бөлек орналасқан қазандығы жарылды. Алдын ала дерек бойынша бұған жылу жүйесіндегі айналымның бұзылып, қазандықтағы қысымның көтерілуі себеп болды.

Жарылыс салдарынан 18 шаршы метр алаңдағы қазандықтың шатыры жартылай опырылды. Оқиға орнында ТЖД және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр. 54 жастағы от жағушы 2-3-дәрежелі күйік алды. Қазіргі уақытта ол аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты.
Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ. Резервтік қазандықтың арқасында мектепке жылу беріліп жатыр. Демалыс күндері жаңа қазандық орнату жоспарланған.

Глава региона Ермек Кошербаев обеспокоен ростом количества аварий в ВКО

Ремонтные работы на железных дорогах в РК завершены на 96%