ҚР Сенат депутаты Лұқбек Тұмашинов таяуда өткен пленарлық отырыста в Зайсан көлі, Ертіс өзені мен Бұқтырма су қоймасында суқұзғын санының күрт өсіп кетуі мәселесін көтерді. Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл құстың саны миллионға дейін артқан. Суқұзғын тек Зайсан, Марқакөл көлдері мен Бұқтырма су қоймасында ғана емес, ірілі-ұсақты өзендерде де бағалы балық санының азайып кетуіне себепкер. Бір күн ішінде суқұзғын бір келіге дейін балық жейді. Соның салдарынан балық шаруашылығына орасан залал келуде.
Жыл сайын Шығыс Қазақстанда су айдындарын балықтандыруға қомақты қаражат жұмсалады. Ал жыртқыш құстар санының тез өсіп келе жатқанының кесірінен балықтар мен шабақтар 30%-ға дейін жойылуы мүмкін. Өйткені олар негізінен жас балықтармен қоректенеді. Лұқбек Тұмашинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыртқыш құстарды ату арқылы мәселені шешуді ұсынды.