Қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан Достық үйі мен Гагарин бульвары көшесінің маңындағы тұрғын үйлердің халқы ауа сапасының күрт нашарлап кеткенін айтып, шағымданып жатыр.
Бұған дейін 20 қараша күні облыс орталығында 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын жария еткен. Бұның да әсері бар болуы мүмкін. Десе де ауа сапасына қатысты нақты бағаны облыстық Экология департаменті бере алады. Қазір департамент мамандары оқиға орнына барып, аспаптық өлшеулер жүргізді.
«Гагарин бульвары көшесінде газ анализаторымен азот диоксиді мен формальдегидті өлшеу жұмыстары жүргізілді. Оның нәтижелері шыққан соң бірден хабарланады», — деп хабарлады ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметінен.