Өңір полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні ұстады.
— Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамдар қолға түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, олар азаматтарды алдау үшін алаяқтық схемаларды қолданып, жалға алынған пәтерде қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған, — деп хабарлады ШҚО ПД.
28 және 29 жастағы екі ер адам азаматтардың сеніміне кіре отырып, қолма-қол ақша мен жеке деректерін алу үшін әртүрлі онлайн платформаларды пайдаланған. Олардың іс-әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.
— Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Тәртіп сақшылары ұсталғандардың басқа алаяқтық фактілеріне қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, — делінген ақпаратта.