в

ШҚО-да жол апаты күрт көбейді

Ауа райының қолайсыздығы өңір жолдардарындағы апаттардың көбеюіне әкеліп соқты. Автокөліктердің Осинов және Өмеш асуында жыраға құлап кетуі жиі тіркелді. Сондай-ақ Өскемен-Риддер, Өскемен-Шемонаиха, Өскемен-Тарғын-Самар тасжолдарында жол-көлік оқиғалары көп болды.

Қатты боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан көлік қозғалысы шектеліп те жатыр.

— Қарлы боранның әсерінен көптеген трассалардың бойы анық көрінбейді. Қар, жел, жолдың дұрыс көрінбеуі апаттың өсуіне әкеліп соғып отыр. Абырой болғанда, осы демалыс күндері өңірде ірі жол апаты тіркелген жоқ, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Айта кету керек, жабылған жолмен жүріп кеткен жүргізушілерге 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

— Өткен жылы жүргізушілердің рұқсат етілмеген жолмен жүруі тіркелмеді, — дейді полицейлер.

Одна из основных проблем с дорогами ВКО — недостаточная коммуникация между управлениями и департаментами

В Казахстане вступили в силу новые ограничения и штрафы на рекламу букмекерских контор и тотализаторов ⠀