в

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев: халықтың қауіпсіздігі бірінші орында тұруы керек

Өскемендегі Әуезов даңғылы мен Қайсенов көшесінің қиылысындағы жолда оң жаққа төте бұрылыс жасалмайды. Бүгін аймақ басшысы Ермек Көшербаев сол жерде болып, қала әкімдігінің бұл шешіміне қарсылық білдіріп жатқан тұрғындардың шағымдарына құлақ түрді.

– «Халық айтса қалып айтпайды» деген сөз бар. Біздегі басты басымдық – адамдардың қауіпсіздігі болуы керек, – деді облыс әкімі.

Өз сөзінде ол қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстың жақсы үлгісі «Халық қатысатын бюджет» жобасы екендігін, мұнда не істеу және қалай істеу керектігін жұрттың өздері шешетінін жеткізді. Бұл қиылыстан оңға бұрылу әсіресе қыс кезінде адамдарға қауіп төндіретіні анық.

Сол маңайдағы үйлердің тұрғындары мен кәсіпкерлер шағымдарын тыңдап, түсіністік танытқаны үшін облыс әкіміне алғыстарын білдірді. Өйткені бұл оң жақ төте бұрылыс жасалса шағын кәсіп иелеріне де қолайсыздық тудырар еді.

— Шағын кәсіпкерлік — экономиканың негізінің бірі және оны дамытып, қолдау қажет деп есептеймін, — деді Ермек Көшербаев.

Аймақ басшысы ең бастысы – ортақ диалогтың болуы мен ымыраға келу екендігін баса айтты. Өйткені жұмыс барысында қателіктер болады, бірақ шын тыңдайтын мемлекетті қалыптастырсақ, дер кезінде сол қателіктердің алдын алуға болады.

 

 

Аким ВКО Ермек Кошербаев: во главе угла должна стоять безопасность людей

Трасса «Шемонаиха – Секисовка» закрыта для движения грузовых автомобилей на участке 0-56 километров