Өңірде 2025-2028 жылдар аралығында инженерия, өңдеу және құрылыс саласында 20 мыңнан астам маман даярлау жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
– Алдағы төрт жылда 20 678 жұмыс орнына адам қажет бар. Мемлекеттік тапсырыстың ең көп бөлігі инженерия, өңдеу және құрылыс саласына арналған. Нақты айтқанда, 2 700-ден астам орын бөлінді. Бұл машина жасау, металлургия және құрылыс салаларына қажетті мамандар сұранысымен байланысты, – деді Алима Ақылбек.
Түлектерді жұмыспен қамтуға көмектесу мақсатында өңірде дуальды оқыту жүйесі белсенді енгізілуде: колледж студенттері өндіріс орындарында тәжірибеден өтіп, сұранысқа ие дағдыларды игереді. Қазіргі уақытта бұл модель бойынша бес мыңнан астам адам оқып жатыр және 2025 жылға қарай осы көрсеткішті 5 500-ге дейін арттыру көзделген. Аймақтағы көптеген кәсіпорын оқу орындарының әлеуметтік серіктестері болып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлауға көмектесуде.