Өткен жылдың басындағы ауа температурасының күрт өзгеруі мен қалың жауған қар Марқакөл ауданында төтенше жағдайдың жариялануына да себеп болғаны белгілі. Қаңтар-сәуір айлары аралығында облыста ауа райы жағдайына байланысты жолдар 44 рет, орташа есеппен 12 сағатқа жабылып отырған.
Сондықтан қысқа дайындықты тыңғылықты жүргізу аса маңызды. Қазірдің өзінде көктайғаққа қарсы 100 тоннадан астам материал сатып алынып, құрал-жабдықтар жөндеуден өткен.
«Жалпы Шығыс Қазақстанда қыс кезінде төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес 1717 адам мен 686 техника жұмылдырылуға дайын. Оның ішіне коммуналдық және жол қызметтері де кіреді. Департаментте апаттық-құтқару және эвакуациялау жұмыстарын жүргізу үшін 114 рельефтік техника да сақадай сай», — дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Ернар Жәлелов.