ШҚО-да 24 адамды алдаған интернет алаяқтардың жазасы қатаңдатылды

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі ер адам өңір халқына қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған. Оларға бұл қылмыстық схеманы «Телеграмм» арнасы арқылы шетелдік азаматтар үйреткен.

«Халықты алдап тапқан ақшаны екеуі Өскемен қаласында орналасқан 2-ші дәрежелі банктердің банкоматтары арқылы шешіп, сол шетелдіктердің шотына аударған. Өздеріне тек 10 пайызын қалдырып отырды. Осылайша, айыпталушылар 24 адамды тұзаққа түсіріп, оларды 105 844 199 теңгеге шығынға батырған», — делінген ақпаратта.

Ер адамдардың бірі есірткіге тәуелді болғандықтан ірі мөлшерде психотроптық зат сатып алғаны анықталды. Соттың бірінші сатысында сотталушыларға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда жәбірленушілер бұл шешіммен келіспей, жазаны қатаңдату үшін апелляциялық шағым түсірді.

«Апелляциялық сот жасалған қылмыстың ауырлығын, залалдың өтелмеуін және әлеуметтік осал санаттағы адамдардың зардап шегуін ескеріп тағайындалған жазаны өзгертті. Сот қаулысы бойынша айыпталушылардың бірі 7 жылға, екіншісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», — делінген хабарламада.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...