Осы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша еліміздегі мейрамханалар мен қонақүйлердің бағасы бір жылда 9,3%-ға өскен. Оның ішінде қонақүйдегі қызмет көрсету ақысы 6,1%-ға, мейрамханадағы қызмет көрсету бағасы 9,3%-ға қымбаттады.
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы баға фаст-фуд сататын жерлерде едәуір артып отыр. Нақты айтқанда, 12,4%-ға өскен. Сондай-ақ асхана қызметтері 9,4%-ға, мейрамханалар мен дәмханалар қызметтері 7,7%-ға қымбаттап кеткен.
Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Қарағанды облысында (16,3%-ға), Алматыда (13,9%-ға), Солтүстік Қазақстанда (12,1%-ға), Түркістанда (11,7%-ға) және Қызылордада (11,5%-ға) тіркелді. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 10,8 пайызды құрады. Бағаның ең аз жылдық өсімі Павлодар (1,8%-ға), Ақтөбе (2%-ға) және Алматы (3%-ға) облыстарында байқалды.