Қалалық Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған.
«Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болды. 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырып кеткен», — делінген ақпаратта.
Өскеменде өз өмірін қиюға оқталған кәмелеттік жасқа толмаған балалар саны биыл күрт көбейген.
«Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 22 адам суицид жасамақ болса, биыл бұл көрсеткіш 7 адамды құраған. Балалардың бұл қадамға баруының себептері әртүрлі. Көбінесе отбасындағы жанжал, оқудағы қиындықтар, достарымен қарым-қатынастағы кикілжіңдер», — делінген хабарламада.